ҚР Үкімет басшысы Министрлер кабинетін құру аяқталғанын мәлімдеді
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жаңа Министрлер кабинетін құру аяқталғанын хабарлады.
«Кабинет толықтай құрылды, енді тек Әділет министрін тағайындау ғана қалды. Облыстарға аттанып кеттім. Қостанайдан бастаймын», - деп жазды К.Мәсімов Twitter сайтындағы өзінің жеке бетінде.
Атап өте кетсек, осы аптаның басында Ауыл шаруашылығы, Туризм және спорт, Экономикалық даму мен сауда, Көлік және коммуникация министрліктерінің, СІМ мен ІІМ жаңа басшылары тағайындалды. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы да ауысты. Барлық вице-премьерлер өз лауазымдарын сақтап қалды.