14:05, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
ҚР Үкімет басшысы Жеңіс мерекесімен құттықтады
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандықтарды 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады,

деп хабарлады pm.kz сайты.
«Баршаңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!», - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.
Ұлы Жеңіс мерекесі - біздің еліміздің басты мерекелерінің бірі. Бүгін бүкіл республикада салтанатты шаралар өтуде, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері құттықтауларды қабылдауда.
Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды - 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін. Ұлы Отан соғысы бүкіл КСРО-ғы елдер үшін қатаң сынаққа айналды. Жеңіске жету үшін үлкен құрбандықтар шалынды. Алайда ол адами ақыл-ойдың нағыз салтанатына айналып, азатшыл болып жоғары батырлық пен өзін-өзін құрбан етудің үлгілерін көрсетті.