ҚР Үкімет басшысының www.pm.kz сайтында Қазақстан Даму банкінің 10 жылдық мерейтойына арналған конференцияның онлайн-таратылымы болады

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 9 қарашада, сағат 10.00-де www.pm.kz сайтында Қазақстан Даму банкінің 10 жылдық мерейтойына арналған конференцияның онлайн- таратылымы болады,
None
None

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов http://www.facebook.com/KMassimov сайтында.

Хабарламада айтылғандай, конференцияның тақырыбы: «Экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру. Жаңа жағдайлар». Сондай-ақ, форумда талқылауға келесі тақырыптар ұсынылды: «Бизнесті мемлекеттік қолдау институттары тұрақты дамудың ауыспалы негізі ретінде»; «Азамзат ресурстары экономиканы және мемлекетті дамытудың негізгі факторлары ретінде»; «Қазақстан өңірлерінің әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктері», «Инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері».

Форум модераторлары мен спикерлерінің қатарында Еуропа мен АҚШ жетекші банк және қаржы институттарының өкілдері бар.

Форумға қатысушылардың алдында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар