ҚР Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады - ҰЭМ

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеген кезде 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экономика салаларының даму қорытындылары мен мемлекеттік органдардың 2015 - 2019 жылдарға арналған өндірістің негізгі өнім түрлерінен алынатын көлемі мен негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағалар бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ескерілді» делінген хабарламада. Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, ЖІӨ-нің нақты өсуi 2015 жылы 5,0%-ды, ал 2016 жылы 5,6%-ды, 2017 жылы 6,8%-ды, 2018 жылы 5,8%-ды және 2019 жылы 6,5%-ды деңгейде болады деп жоспарланып отыр. Болжам бойынша, номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн. теңгеден 2019 жылы 72,8 трлн. теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 13,9 мыңнан астам АҚШ долларын құрап, 2019 жылға қарай 21,4 мың АҚШ долларына дейін өседі.