ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады.

ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №985

2015 жылғы 10 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ