ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарлама қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарлама қабылдады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарлама қабылдады

«Кеше Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарламаның жобасы қаралды және қолдау тапты. Бағдарламаның негізгі мақсаты табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің теңдестірілген тиімді жүйесін құру болып табылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жүктелген мақсатқа қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді кезеңге арналған шекті тарифтердің өзгеруі болжанған.

«Олардың инвесторлар үшін болжамдылығын және Қазақстан халқы үшін ақылға қонымды өсуін ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу тәуілдерін коммерцияландыру көзделіп отыр" - деді М.Құсайынов.