ҚР Үкіметі Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті. ҚазАқпарат Үкімет қаулысының мәтінін жариялайды.

ҚР Үкіметі Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана. Үкімет үйі. 2009 жылғы желтоқсанның 31-і №2325

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы маусымның 18-індегі №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
  2. Бұл қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Стратегиялық жоспар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.