ҚР Үкіметі аккумулятор батареясының бірқатар түрлерінің импортына қатысты тексерудің басталғанын жариялады
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі аккумулятор батареясының бірқатар түрлерінің импортына қатысты тексерудің басталғанын жариялады. ҚазАқпарат агенттігі қаулыға сәйкес мәтінді жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы маусымның 8-і, №535
Аккумулятор батареясының бірқатар түрлерінің импортына қатысты тексерудің басталғаны туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 28-індегі «Тауларларды импорттау барысында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне:
1) Мына тауарлардың импортына қатысты тексеруді бастасын:
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатураларында 8507 10 920 9 кодымен жіктелетін, сұйық электролитте жұмыс істейтін, салмағы 5 келіден асатын, поршенді двигательді іске қосу үшін қолданылатын электрлік, қорғасында басқа аккумуляторларды;
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатураларында 8507 10 980 9 кодымен жіктелетін, сұйық электролитте жұмыс істейтін, салмағы 5 келіден асатын, поршенді двигательді іске қосу үшін қолданылатын электрлік, қорғасында басқа аккумуляторларды;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру процедуралары аяқталғанға дейін осы қаулының 1 тармағы 1) тармақшасына көрсетілген тауарларды импортауды лицензиялау жүзеге асырылсын;
3) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге тексерудің басталғандығы туралы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Ықпалдастық комитетіне белгіленген тәртіппен хабардар етілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Респубилкасының Премьер-Министрі К.Мәсімов