ҚР Үкіметі ақылы негізде донорларға қан тапсырғаны үшін төлем жасаудың мөлшері мен ережелерін бекітті

СТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі ақылы негізде донорларға қан және оның компоненттерін (донация) тапсырғаны үшін төлемді жүзеге асырудың мөлшері мен ережелерін бекітті. "ҚазАқпарат» агенттігі қаулының мәтінін жариялайды.

ҚР Үкіметі ақылы негізде донорларға қан тапсырғаны үшін  төлем жасаудың мөлшері мен ережелерін бекітті

Қазақстан Республиасының Үкіметі

Астана, Үкімет үйі, 2009 жылғы желтоқсанның 30-ы №2300

Ақылы негізде донорларға қан және оның компоненттерін тапсырғаны үшін (донация) төлемді жүзеге асыру мөлшері мен ережелері бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қыркүйектің 18-індеі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген

1) донорларға қан және оның компоненттерін (донация) беруді жүзеге асырғаны үшін төлем мөлшері;

2) ақылы негізде донорлардың қан және оның компоненттерін (донация) бергені үшін төлемді жүзеге асыру ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ