ҚР Үкіметі арнайы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекітті
ТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі арнайы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекітті.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялап отыр.
***
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №702
2011 жылғы 24 маусым, Астана, Үкімет үйі
Арнайы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасын бекіту туралы
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 50-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қаулының толық мәтіні БАҚ беттерінде жарияланады.