ҚР Үкіметі бекіткен жоспардың аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге барлық көлік түрлеріне тегін жол жүру қарастырылған

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерейтойын Қазақстан Республикасында атап өтуге дайындық пен өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметі бекіткен жоспардың аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге барлық көлік түрлеріне тегін жол жүру қарастырылған

Аталған жоспардың аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге барлық көлік түрлеріне тегін жол жүру қарастырылған.

Соның ішінде, олардың әрқайсысы тек қана республика аумағында ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне пойызбен жүру немесе самолетпен ұшу мүмкіндігін екі бағытта да пайдалана алады.

Облыс аумағында төрт тегін жол жүруді және бүкіл мамыр ай бойына қала ішіндегі бағыттар бойынша автобус парктері тегін жол жүруді ұсынуға дайын.

Осыдан өзге, Астана мен Москва қалаларында болатын Жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған мерекелік іс-шараларға қатысушылар үшін тек қана самолет немесе пойызбен жол жүру ғана емес, сонымен қатар тамақ пен жатын орындар шығындары да тегін қарастырылған. Бұл жеңілдіктер олармен бірге жүретін адамдарға да қатысты.

Сонымен қатар, ардагерлерге арнап өздерінің «тартуларын» еліміздің негізгі тасымалдаушылары да қарастырып отыр.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ ардагерлер мен ҰОС мүгедектеріне тегін жол ақысы жылдың аяғына дейін болатындығы туралы шешім қабылдады. Акция Қазақстанның барлық ішкі бағыттары бойынша, аймақаралық (қала сырты) бағыттарынан өзге, мамырдың 1-інен бастап желтоқсанның 31-іне дейін жалғасады. Бұл акцияның басты артықшылығы - жол жүру саны шектелмеген. Осы жеңілдікті пайдалану үшін, теміржол вокзалында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларына жеке куәлігімен бірге ардагер куәлігін қоса ұсынып, хабарласу қажет.

«Эйр Астана» мен «SCAT» әуекомпаниялары бірнеше жыл бойы, тұрақты негізде ардагерлер мен ҰОС мүгедектер үшін тегін жолақысын ұсынып келеді. Ал, олармен бірге жүретін адамдарға бір ай бойы 50% мөлшерінде жеңілдік ұсынылады. Республика әуежайлары бұл кезеңде ардагерлерге, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға VIP және CIP залдары арқылы тегін қызмет көрсетеді.