ҚР Үкіметі бизнесті қорғау үшін жаңа заңнамалық бастамалар ұсынады
Таяу уақытта Қазақстанда құқық қорғау органдары тарапынан бизнеске қысымды төмендету бойынша түбегейлі шаралар қабылдануы қажет.
«Біздер таяу аралықта Парламентке бекітілуге берілетін төрт ымырасыз жаңа заңнамалық қадам әзірледік», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өз блогында.
«Біріншіден, егер олар келтірген шығындарды өз еріктерімен өтейтін болса, онда оның ауырлығына қарамастан экономикалық қылмыс жасаған тұлғаға бостандығынан айыру жазасы алынып тасталады», - делінген хабарламада.
Екіншіден, экономикалық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетін залалдар көлемі ұлғаяды. Мәселен, ұйымға немесе мемлекетке залал келтірілгенде қазіргі уақыттағдай залал сомасы 1 мың АЕК-ті (1 512 000 теңге) емес, 10 мың АЕК-ті (15 120 000 мың) құрағанда қылмыстық іс қозғалады.
«Бұл - экономика саласында қозғалатын қылмыстық істің санын айтарлықтай қысқартуда маңызды қадам және соның салдарынан бизнеске әкімшілік қысымдар төмендейді», - деп атап өтілген хабарламада.
Үшіншіден, шығын көлемінің артуы экономикалық қылмысқа қарсы тұру бойынша мемлекет мүмкіндігін әлсіретпейді. Өйткені айыппұл көлемін ұлғайту жолдары арқылы осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік айтарлықтай күшейтіледі.
Төртіншіден, жекелеген экономикалық қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға балама ретінде айыппұл түріндегі жаза қарастырылған, ал ол қарастырылған санкцияларда оның көлемі ұлғайтылады.
Толықтай алғанда бұл заңнамалық ұсыныстар бинес ахуалды жақсартуға және кәсіпкерлік қызметке күш-қуат құрылымдарының араласуын шектеуге бағытталған.
Бизнеске қысымды төмендету жөніндегі тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен, әкімдермен, орталық мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жетекшілерімен өткен кеңейтілген мәжілісте берді.