ҚР Үкіметі бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы қаулы қабылданды.
ҚазАқпарат қаулы мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №115
2015 жылғы 10 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған: 1) Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар;
2) Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ Ереже мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.