14:37, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Үкіметі Дағдарысқа қарсы кеңес құрады
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Дағдарысқа қарсы кеңес құру жөнінде қаулы қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Индустрия және сауда министрлігі Үкімет қарауына Дағдарысқа қарсы кеңес құру жөніндегі қаулының жобасын енгізіп отырғандығын жеткізген аталған ведомствоның басшысы Владимир Школьник, бұл кеңесті құрудың алғышарттары ретінде әлемдік қаржы нарығында қалыптасып отырған жағдай себеп болғанын айтып өтті. Дағдарысқа қарсы кеңестің негізгі бағыттары мемлекеттік және жекеменшік серіктестік механизмін оңтайландыру, экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ басқа да шаралар қарастырылған.
«Кеңесті басқару туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке ұсыныс жасалды, ал жұмыс органы ретінде Индустрия және сауда министрлігі анықталды. Министрлік ұйымдастыру мен техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, - деді В. Школьник.
Осы орайда К. Мәсімов облыстарда аталған кеңестерді құрып, оларды басқаруды әкімдердің өздеріне тапсырды.