ҚР Үкіметі демалыс күнін 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Демалуға қолайлы жағдай жасау мақсатында және 2011 жылдың наурыз айында жұмыс күнін тиімді пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

ҚР Үкіметі демалыс күнін 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаулыға сәйкес, 2011 жылдың 5 наурызында қажетті өнім шығаруға, қызметтер, соның ішінде қаржылық қызметтер де көрсетуге қажетті барлық еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген ұйымдарға, сонымен қатар құрылыс нысандарын пайдалануға беру ұйымдарына кәсіподақтармен келісу арқылы жұмыс жүргізу құқығы беріледі.

Аталмыш күндердегі жұмыс уақыты үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай өтемақы төленеді.