ҚР Үкіметі электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттарын мақұлдады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызындағы №1133 қаулысымен электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мақұлданды.
None
None

***   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 31 тамыз №1133 Астана, Үкімет Үйі

  Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда  жарияланды.

Соңғы жаңалықтар