ҚР Үкіметі иондалған сәулелендіруге ұшыраған адамдардың қанын және ткандарын алу, сақтау, пайдалану ережесін бекітті
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі иондалған сәулелендіруге ұшыраған адамдардың қанын және ткандарын алу, сақтау, пайдалану ережесін бекітті. «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі қаулының мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі 2009 жылғы желтоқсанның 15-і № 2134
Иондалған сәулелендіруге ұшыраған адамдардың қанын және ткандарын алу, сақтау, пайдалану ережесін бекіту туралы
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы қыркүйектің 18-індегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Иондалған сәулелендіруге ұшыраған адамдардың қанын және ткандарын алу, сақтау, пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы реми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрі
Кәрім Мәсімов