ҚР Үкіметі Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы Қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1695
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жэылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 33 009,47 теңге (отыз үш мың тоғыз теңге, қырық жеті тиын) мөлшерінде белгіленсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.