ҚР Үкіметі медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 10 қыркүйек №1173 Астана, Үкімет Үйі
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған:
1)«Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2)«Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3)«Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Аталған мемлекеттік қызмет стандарттары республикалық БАҚ-да жарияланды.