ҚР Үкіметі Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы қаулысына өзгерістер енгізді

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен «Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы №

ҚР Үкіметі Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы қаулысына өзгерістер енгізді

1031 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылдың 17 қаңтарынан №79 бұйрық  

«Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 қаулысына өзгеріс енгізу туралы   

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.«Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 485-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.  

Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы ережелер республикалық БАҚ-да жарияланды.