ҚР Үкіметі Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыға қол қойды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыға қол қойды.

ҚР Үкіметі Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыға қол қойды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы №1715

2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2013 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айрылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он алты пайызға арттырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.