19:16, 04 Қазан 2013 | GMT +5
ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция ратификацияланды
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.