ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

Келісімге 2014 жылғы 4 тамызда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты 2014 жылғы 6-8 қазанда Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» 2014 жаһандық форумын» өткізу болып табылады. Осы форум ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Форумды өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстанның «электрондық үкіметті» дамыту бойынша тәжірибесін дамыған елдер арасында да, дамушы елдер арасында да кеңінен тарату жоспарланып отыр.

Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражат енгізетін болады. БҰҰ тарапынан мынадай іс-шаралар қамтамасыз етілетін болады: Жобаның үйлестірушісін жалдау, «Smart Government-ке» белгілі бір назар аудара отырып, «электрондық үкімет» саласындағы сарапшыларды айқындау, форумды өткізу, форум бойынша жарияланымдарды дайындау.

Келісім аясында артықшылықтар мен иммунитеттер, оның ішінде БҰҰ өкілдеріне - Форумға қатысушыларға еркін келу және кету құқығын беру көзделеді.

Тұтастай алғанда осы Келісімді іске асыру Қазақстан Республикасына «электрондық үкімет» пен мемлекеттік басқару саласында әлеуетті арттыруға, халықаралық кеңістікте «электрондық үкіметті» дамытудағы өз тәжірибесін кеңінен таратуға, мүдделі тараптар арасында ынтымақтастықты және «ақылмен басқару мен ақылды үкіметті» ілгерілету жөніндегі өңіраралық тетіктерді дамытуды күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.