ҚР Үкіметі отырысында «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне сілтеме жасап.Заң жобаларын жасаудың мақсаты ? мемлекет мүліктік құқыққа ие болған сәттен бастап, оның тоқтатылуына дейінгі мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жүйелеу. «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын жасау Азаматтық кодекстің Жалпы және Айрықша бөлігіне, Жер кодексіне және 14 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етті. Екі заң күшін жоятын болады.Таяудағы уақытта заңдар жобалары Қазақстан Республикасы Парламентіне қарауға ұсынылады.