ҚР Үкіметі сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.
«Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1245 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №6., 62-құжат мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметіне арналған және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағы үшін алаңмен қамтамасыз етілген оқшауланған мүліктік кешен;
2) жабық базар - тұрақты инженерлік коммуникациясы бар, жерге іргетаспен берік байланыстырылған күрделі ғимарат. Жабық базардағы сауда орындары мен өздеріндегі тұрақты үлгідегі бөлімдермен (олардағы тауарларды алдын ала сатуға дайындауды жүзеге асыратын) байланысы жоқ. Әдетте, сатушылардың күнделікті ауысымына рұқсат беріледі, жабық базардың сауда орындарындағы тауарлық запас бір жұмыс күнімен шектеледі;
3) көтерме базар - бұл әрі қарай өткізу немесе өндірісте пайдалану мақсатында тауарларды партиялармен (үлкен санымен) сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
4) бөлшек сауда - бұл қызмет көрсетуді және тұтынушылардың тікелей өздеріне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған тұтыну мақсатындағы тауарларды даналап немесе бірнеше сандық мөлшерде сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
5) сауда объектісі - арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдің бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
6) сауда қызметі - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;
7) тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнімі;
8) дүкен - сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген, тұрақты жұмыс істейтін күрделі құрылыс немесе оның бір бөлігі;
9) дүңгіршек - сауда залы жоқ, арнайы бөлінген жер учаскесіне орнатылған сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалды құрылыс;
10) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалған, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлінген орынға орналастырылатын жеңіл құрылатын құрылыс;
11) сауда шағын базары (бұдан әрі - шағын базар) - бұл сауда орындарының саны 25-тен аспайтын, тауарларды зауыттық орамда (ыдыста) даналап, сондай-ақ азық-түлік тауарлары үшін арнайы сақтау жағдайларын талап етпейтін тауарларды сатуға арналған базар.
12) базардағы сауда орны - сатушының (сатушылардың) тауарларды, сауда мүкаммалын орналастыру және сатуға арналған тауарлар қорын сақтау үшін сөрелермен жабдықталған жұмыс аймағы. Сауда орны өткізілетін тауарлардың ассортименті есепке алына отырып, қажетті санитарлық-техникалық жағдайларға сәйкес болуы тиіс;
13) сауда қызметінің субъектісі - бұл сауда қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
14) базар әкімшілігі - базар қызметін тікелей басқару үшін базардың меншік иесі (иегері) құрған басқару аппараты;
15) базардың меншік иесі (иегері) - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда орындарын беру және басқа да қызмет түрлерін көрсету мақсатында базардың мүліктерін иелену, пайдалану, билік ету құқығы бар заңды және/немесе жеке тұлға;
16) сатушы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес құқық субъектісі болып табылатын, өзінің сауда қызметін жүзеге асыру үшін, базар қызметтерін пайдаланушы заңды және/немесе жеке тұлға;
17) сауда мүкаммалы - сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар.
18) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;
19) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын жеңіл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;
20) көтерме сауда - кейіннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй-ішілік және осыған ұқсас өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
21) бөлшек сауда - кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
22) сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
23) коммуналды базар - жергілікті атқарушы органдар шешімімен құрылатын, тұтынушылардың тікелей өздеріне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған азық-түлік тауарларын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын сауда базары.».
мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
«21-1. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен апта сайынғы негізде коммуналды базарда сатылатын азық-түлік тауарларына ұсынылатын бөлшек бағалар белгіленеді.
21-2. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен жыл сайынғы негізде тоқсанына бір реттен кем емес түзету мүмкіндігімен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша (сауда алаңдарын жалға беру, тауарларды сақтау, қаттап тастау, сұрыптау және буып-түю, сонымен қатар жүк және жеңіл машиналардың кіруі және тұрақта болуы) тіркелген тарифтер белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2-тармақтармен толықтырылсын:
«33-1. Коммуналды базарда 70%-дан кем емес сауда алаңдары азық-түлік тауарларын сатуға тиіс, олардың 10%-дан кем емес сауда орындары тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеке өнімдерін сату үшін ұсынылуға тиіс.
Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату үшін сауда орындарының нақты санын және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін сауда орындарының нақты санын айқындауды жергілікті атқарушы органдар келісім бойынша коммуналды базар әкімшілігі жүзеге асырады.
33-2. Коммуналды базарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпараттық стендтер орнатылады. Ақпараттық стенді өзге де азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпаратты да қамтуы мүмкін.».
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.