ҚР Үкіметі стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекітті

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов 2011 жылдың 4 қазанында «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» №1137 Қаулыға қол қойды.

ҚР Үкіметі стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекітті

Бұл туралы ресми БАҚ-тар хабарлады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 4 қазан №1137

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің,

 кен орындарының тізбесін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі бекітілсін.

2. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кен орындарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 тамыздағы № 1213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

 

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі республикалық БАҚ-тарда жарияланды.