ҚР Үкіметі тұжырымдамалар, доктриналар жасау ережелерін бекітті

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Тұжырымдамалар, доктриналар жасау ережелерін бекіту туралы» қаулыға қол қойды. «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі қаулының мәтінін жариялайды.

ҚР Үкіметі тұжырымдамалар, доктриналар жасау ережелерін бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі. 2010 жылғы сәуірдің 14-і №305

Тұжырымдамалар, доктриналар жасау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы маусымның 18-індегі №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тұжырымдамаларды, доктриналарды жасау ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К. Мәсімов