ҚР Үкіметі жануарлар дүниесі нысандарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережелеріне өзгерістер енгізді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметі жануарлар дүниесі нысандарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережелеріне өзгерістер енгізді.

ҚР Үкіметі жануарлар дүниесі нысандарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережелеріне өзгерістер енгізді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №254

2012 жылғы 22 ақпан, Астана, Үкімет Үйі

«Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ере­жесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №2 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №1, 3-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                           Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Ережелер мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.