ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті отырысы өтті
АСТАНА. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің (ЭКК) кезекті отырысын өткізді,
деп хпабарлайды ҚазАқпарат. Кеңес отырысында Үкіметтің экономикалық саясатының ағымдағы дағдарысқа қарсы және стратегиялық мәселелері қаралды.Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтова Қазақстанның қаржылық рыногындағы жағдайдың эксперттік бағалары туралы баяндады. Еліміздің қаржылық рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі және оны қаржылық қызметті тұтынушылардың мүддесіне сай дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.Экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов Қазақстанның 2000-2008- ші жылдардағы сыртқы саудасындағы жағдайдың қорытындылары туралы, сондай-ақ, ағымдағы кезеңде Қазақстанның сауда саясатын қалыптастыруға қатысты ұсыныстар туралы баяндады.Кеңес отырысына ҚР Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің, сондай-ақ, еліміздің жетекші банктерінің өкілдері қатысты.