ҚР Үкіметі жанындағы заң жобалары қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Алқалы жиын барысында әріптестерінің назарына «Медициналық айықтырғыштар қызметі мәселері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер туралы» Заңы жобасының тұжырымдасын ұсынған ҚР Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбековтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 689 төсек-орынға арналған 32 медициналық айықтырғыш бар. Оларда жыл сайын шамамен 113 мың адам ұсталады. Ал ел бюджетінен аталған орындарды ұстаға 654 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады.
Сонымен қатар, медициналық айықтырғыштар мас күйдегі азаматтарға медициналық көмек те көрсететіндігін атап өткен ол «бұл қызмет еліміздің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының қызметіне сәйкес келмейді», деді.
Мемлекет басшысының тамыздың 17-індегі «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзірленген заң жобасы мас күйдегі азаматтарға медициналық көмек көрсету және медициналық айықтырғыштарға қоғамдық тәртіпті бұзушыларды жеткізу бойынша мемлекеттік органдар арасындағы фукцияны шектеуді мақсат тұтады.