ҚР Үкіметі жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекітті
ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 9 тамыз № 920 Астана, Үкімет Үйі
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қаулының толық мәтіні ресми БАҚ беттерінде жарияланды.