ҚР Үкіметінде Алматыда болатын Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы дайындау бойынша отырыс өтті

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен 2017 жылы Алматыда болатын Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.

ҚР Үкіметінде Алматыда болатын Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы дайындау бойынша отырыс өтті

Бұл туралы primeminister.kz сайтынан хабарлады.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қысқы Универсиаданың дайындалған логотипы, бойтұмары, жарнамалық ұрандарын таныстыра отырып, спорттық нысандар құрылыстарының барысы туралы хабарлады.

Универсиада бағдарламасына енгізілген қысқы спорт түрлері бойынша жасөспірім спортшыларды дайындаудың кешенді жоспары туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары М.Орынханов баяндады.

Ұйымдастыру комитеті отырысының қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.