ҚР Үкіметінде «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бесінші отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бесінші отырысы өтті.

ҚР Үкіметінде «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бесінші отырысы өтті

Отырыста Университет қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ жетекші әріптес жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастық орнату жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Кеңесті қорытындылай отырып Премьер-Министр Астананың жаңа университетінің басшыларына оның қызметінің әртүрлі мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.