ҚР Үкіметінде Авиатасымалдарды ұйымдастыру қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы қаулы қабылданды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінде Авиатасымалдарды ұйымдастыру қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

ҚР Үкіметінде Авиатасымалдарды ұйымдастыру қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы қаулы қабылданды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №428

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Авиатасымалдарды ұйымдастыру қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 428 қаулысымен бекітілген