ҚР Үкіметінде Азиадаға дайындық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі болды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін күннің бірінші жартысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 7-қысқы Азиада ойындары өтетін нысандарда болды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Күннің екінші жартысында К.Мәсімов Азиадаға дайындық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов, байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, 7-қысқы Азиада ойындары Ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының президенті Анатөлі Құлназаров және т.б қатысты.
Кеңес барысында Азиада нысандарын пайдалануға беру, техникалық қамтамасыз ету, ойындарды жариялауға үшін баспасөз орталықтарын ұйымдастыру мәселелері, сонымен қатар Азиада ойындарын өткізетін басқа да қызметтердің дайындығы талқыға түсті.
Кеңес қорытындысы бойынша тиіңсті шешімдер қабылданды.