ҚР Үкіметінде дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігін төмендетуге алғышарттар мен қатерлерге қатысты мәселелер қаралды. Бұл мәселелер бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өкілдері баяндама жасады.
Талқылау барысында экономиканың өңдеу саласының дамуына жәрдемдесетін, технологиялық кейінге қалушылықты қысқартатын, әлеуметтік тұрақтылық пен халықты жұмыспен қамтуды қолдайтын жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шараларға бөлінген қаржылар толық көлемінде ең қысқа мерзімдерде түпкі заемшыларға түсуі тиіс, деп атап көрсетілді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы ұйымдарын және қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің бірлескен іс-қимыл жоспарын орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.