ҚР Үкіметінде ірі электр стансаларына арналған инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және «Алматы электр стансасы» АҚ сияқты ірі электр стансаларының электр энергиясын өндіруіне шекті тарифтер қолдану аясында инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізді.
None
None

Мәжіліске «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және энергия өндіруші кәсіпорындар қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

Электр энергиясы өндірісіне шекті тарифтерді қолданған 5 жылда электр энергиясына инвестицияның шекті көлемі 5 есеге ұлғайып, 700 млрд. теңгені құрады. Бұл қолданыстағы 5000 МВт-ны жаңғыртуға және 1700 МВт қосымша электр қуатын енгізуге мүмкіндік берді. 2015 жылдың аяғына дейін қосымша 3300 МВт қуатқа қол жеткізілмек.

Жиын аясында Бақытжан Сағынтаев ресурстарды қалпына келтіру бойынша нақты жобаларды іске асыру және инвестициялық бағдарламалар аясында жүргізілген кәсіпорындар қуатын дамыту барысы жайлы электр стансасы басшыларының есебін тыңдап, оларды уақтылы және сапалы аяқтау үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар