ҚР Үкіметінде тауарлар мен жұмыстарды және қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық үлесті дамыту мәселелеріне арналған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарлар мен жұмыстарды және қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық үлесті дамыту мәселелеріне арналған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы желтоқсанның 5-індегі Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтылған сатып алулар барысында қазақстандық үлесті арттыру шараларын нығайтуға байланысты тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған.2009 жылғы қаңтардың 27-сінде Мемлекет басшысы қазақстандық үлесті арттыру саласында мемлекеттік органдардың өкілеттігін бөлуді көздейтін «Қазақстандық үлестің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойғаны атап өтілді. Қазақстандық үлес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға жауап беретін орган ретінде Индустрия және сауда министрлігі айқындалса, жер қойнауын пайдаланушылармен жұмысқа Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жауапты, ал мемлекеттік сатып алуларда жергілікті үлестің салмағын Қаржы министрлігі бақылайтын болады.Сонымен қатар, қазақстандық үлесті арттыруды ынталандыру үдерісінің субъектісі ірі жетекші ұйымдар болады, олармен өзара іс-қимылды үйлестіру Индустрия және сауда министрлігіне, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне тапсырылды.Президент Жарлығымен барлық салалар үшін қазақстандық үлесті есептеудің бірыңғай әдістемесін Үкіметтің бекітуі көзделген. Бұл мәселе, атап айтқанда, Индустрия және сауда министрлігі әзірлеген әдістеме жұмыс тобының отырысында қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға (Индустрия және сауда , Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері) бірлесіп, бір апта мерзімде шыққан жері туралы сертификатты беру ережесімен байланыстыра отырып, әдістемені дайындауды аяқтау және келісілген ұсыныстарды енгізу тапсырылды.Шыққан жері туралы сертификат тауарлар мен жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық үлесті айқындайтын бас құжат болатыны атап өтілді. Осыған орай сертификатты беру ісіне тартылған барлық тұлғалардың (тәуелсіз сарапшылар, өкілетті органдардың қызметкерлері) жауапкершілігін, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін көтеруді қарастыру тапсырылды.Отырыс барысында жаңа заңдылықты, сондай-ақ сатып алу саласында статистикалық есептілікті енгізу әдістемесін әзірлеуге қатысты өзге де жүйелі мәселелер талқыланды.Мониторинг субъектілері болып табылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін толтырылуға міндетті офсеттік операциялар ережесі, сатып алынған қазақстандық үлестегі тауарлар мен жұмыстар және қызметтер туралы есептер жинағының ережесі жобалары бойынша есептер тыңдалып, таныстырылым болды.Жұмыс тобының мүшелері Қаржы министрлігінің сатып алудағы қазақстандық үлес мәселелері бойынша және Атырау облысы әкімдігінің аймақтағы жетекші кәсіпорындардың сатып алулары туралы тұсаукесер рәсімдерін тыңдады.Сондай-ақ, жұмыс тобы ұйымдар мен мемлекеттік органдардың сатып алуларында қазақстандық үлесті мониторингілеу жүйесін реттеу және мемлекеттік сатып алулар барысында заңдылық талаптарының бұзылғаны үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.Нормативтік құқықтық базаны нақтылау мен ретке келтіруден басқа, жұмыс тобының басты мақсаттарының бірі ұлттық компанияларда, жер қойнауын пайдаланушыларда сатып алу үдерістерінің ашықтығын арттыру, сөйтіп, сатып алу үдерісіндегі жемқорлықты азайту болып табылады. Бұл орайда, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-на кіретін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың сатып алуларының орта мерзімді жоспарларын жариялау көзделуде.Талқылау қорытындысы бойынша Ө.Шөкеев тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жер қойнауын пайдаланушылармен, кәсіпкерлік қауымдастықтарымен және қоғамдық бірлестіктермен сатып алу үдерісінде қазақстандық үлесті арттыру мәселелерін кең ауқымда талқылауды тапсырды.Жұмыс тобының алдағы отырыстарында ұйымдар мен мемлекеттік органдардың сатып алуларында қазақстандық үлесті арттырудың жүйелі мәселелерін әрі қарай пысықтау және тауарлар мен жұмыстарды, қызметтерді сатып алуда қазақстандық үлестің жағдайы туралы жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау көзделуде.
Соңғы жаңалықтар