ҚР Үкіметінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің селекторлық кеңесі өтті

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің селекторлық кеңесін өткізді.

ҚР Үкіметінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына әзірлік және оны өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің селекторлық кеңесі өтті

Ұйымдастыру комитетінің кеңесіне ҚР Парламентіның Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Президент Әкімшілігі басшылығының өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.