ҚР Үкіметінің «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізілді
ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі 2011 жылғы 2 шілдедегі №758 қаулысымен «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтыру енгізілді.
Осы қаулыға 60-тармақпен «Атырау-Астана» облысаралық қатынас жолдары әлеуметтік мәні бар қатынас жолдарының тізіміне қосылды.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.