ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің жаңа жетекшісі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында құрылған Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы болып Қыдырма Айдос Арғынбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды egemen.kz.
Айдос Қыдырма 1976 жылы Алматы облысында туған, "Анкара" университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. БАҚ саласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері.
Бұған дейін біраз жыл "Қазконтент" акционерлік қоғамын басқарды.