ҚР Үкіметінің басшысы мен ЕҚДБ өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия және Ресей бойынша Басқарушы директоры Н. Ханженкова бастаған Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кездесті.

ҚР Үкіметінің басшысы мен ЕҚДБ өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және «жасыл» экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.