ҚР Үкіметінің екі қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Жергілікті аткарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1563 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулыларына өзгерістер енгіз өзгерістер енгізді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 13 желтоқсан №1335 Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті аткарушы органдар

құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің

заттай нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1563

және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары

бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік

ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға

берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын

бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1563 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №3, 46-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында;

реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

21.

Хладогенті бар термосыйымдылық (мөлшері 100x100x200 см көп емес)

дана

1

0

»;

2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы калалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстая Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №22, 355-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада;

реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

14.

Хладогенті бар 1 термосыйымдылық

Мөлшері 100x100x200 см көп емес.

»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа

редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қосымша мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.

Соңғы жаңалықтар