ҚР Үкіметінің «электрондық үкімет» енгізудегі қадамдары

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Астанада бейсенбі күні «Электрондық  үкімет бастамасы» атты IV халықаралық конференция болып өтті. Онда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сөз сөйледі.
None
None

Ел Үкіметі осы жобаны іске асыруды және ақпараттық технологияларды дамытуды он жылдан астам уақыт ішінде жасағанын еске саламыз.

 1998 жылы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамыту және ҚР ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі бағыттарының қызметтері бойынша үйлестіру жұмыстары жөніндегі комитеті құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдардың ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін өкілдері енді.

 2000 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі құрылымында нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуында стратегиялық рөл атқарған Байланыс және ақпараттандыру комитеті құрылды. Атап айтқанда, саланы дамытудағы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар әзірленді және қабылданды, «Ақпараттандыру туралы», «Электронды құжат және электронды цифрлы қол қою туралы» ҚР заңнамалары қолданысқа енгізілді, «Байланыс туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді.

 2003 жылы ҚР Үкіметі халықаралық тәжірибені басшылыққа ала отырып ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетін қайта құру туралы шешім қабылдады. Оның базасында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі құрылды.

 2008 жылы «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ құрылды. Қазіргі уақытта оның құрамына мынадай еншілес кәсіпорындар: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазсатнет» АҚ, «Қазконтент» АҚ, «Ұлттық процессингтік орталық» АҚ, «Электрондық коммерциялық орталық» ЖШС енеді.

Соңғы жаңалықтар