ҚР Үкіметінің қаулысымен Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 19 қаңтарынан, №112 бұйрық
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.