ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілді
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 2 маусым Астана, Үкімет Үйі, №734
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары ресми БАҚ-тың беттерінде жарияланған.