ҚР Үкіметінің қаулысымен Көлік және коммуникация министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Көлік және коммуникация министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі №1561
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1561 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының толық мәтіні республикалық ресми БАҚ-та жарияланды.