ҚР Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою қағидалары бекітілді

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №856

2012 жылғы 26 маусым,     Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын  үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республи­ка­сының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                            Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар