ҚР Үкіметінің қаулысымен Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары бекітілді
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 23 қараша №1373 Астана, Үкімет Үйі
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосаберіліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары туралы құжат баспасөзде жарияланды.