ҚР Үкіметінің қаулысымен шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілді
ТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілді. ҚазАқпарат құжат мәтінін жариялап отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 31 мамыр №609 Астана, Үкімет Үйі
Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.